Ресей 23-27 қыркүйек аралығында өткен референдумдардан кейін Украинаның төрт облысы ел аумағына қосылғанын жариялады. Украина билігі Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарының басып алынған аумақтарында жүргізілген әрекетті псевдореферендум деп атады.
Нәтижесі: халықтың 87-ден 99 пайызға жуығы Ресейге қосылу үшін дауыс берген.
30 қыркүйекте Кремльде Путин Украинаның бірнеше облысы ел аумағына қосылуына байланысты жарты сағат сөз сөйледі.
Сол күні Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ЛДХР, Херсон және Запорожье облыстарының «Ресей құрамына қосу туралы келісімге» қол қойып, енді олардың тұрғындары РФ азаматтары екенін мәлімдеді.
Украиналық сарапшылар ел аумағындағы соғыс қимылдары басталғалы жеті айдың ішінде Ресей әскері жоғарыда аталған аумақтардан аттап шыға алмады және батыстық серіктестер жойылған қару-жарақ пен әскери техниканың орнын үнемі толтырып отыратындықтан, демилитаризация жүргізе алмағанын мәлімдеді.
Ресей әскері УҚК-ның жойқын шабуылымен Луганск және Херсон облысының шекарасына шегінгеннен кейін РФ президенті қолда бар соңғы «мүмкіншіліктерінің» бірін қолданып, Украина аумағының бір бөлігін ел аумағына қосу туралы шешім қабылдады, деп есептейді батыстық сарапшылар.
Аталып өткендей, Херсон және Запорожье облыстарының аумақтарында тәуелсіз республикалар құрылмады.
Батыстың сарапшылары мен саяси қайраткерлері Кремльдің референдум ереже мен заңға сәйкес және тек халықтың қалауы бойынша өтті деген мәлімдемесімен келіспейді. Аталмыш аймақтардың тұрғындарын автоматпен қорқытып «дауыс беруге» мәжбүрлеген — деп жазады украиналық БАҚ. — Сондай-ақ, Ресей өз аумағына қосып алған жерлерге толық бақыламауына алмағанын айта кеткен жөн. Мәселен, Украина әскері Путин аннексиялағаннан кейін келесі Лиманға (Донецк облысындағы қала) кірген».
Өз кезегінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РФ Қарулы күштері УҚК басып алған аумақтарды қайтаратынына сенім білдірді.
Халықаралық қауымдастық Ресей билігінің шешімін айыптап, аталған аумақтардың қосылуын мойындамады. Бұл әрекет қақтығысып жатқан Украина мен Ресейдің дипломатиялық тығырыққа тірелгені айтылды. Украина билігі олар үшін ешнәрсе өзгермегенін және ол Ресей армиясы басып алған жерлерді әскери жолмен қайтарып алуды жалғастырады, ал РФ-мен одан әрі диалог жүргізбейтінін ресми түрде мәлімдеді.
Тек Ресей мен Путин үшін ғана ел аумағына жаңа аумақтар қосылды. Аталған аумақтарды Ресейдің бір бөлігі деп жариялау Кремльге РФ-ға шабуыл жасалды деп мәлімдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан қазір РФ-да жүргізіліп жатқан ішінара мобилизация «отаныңды қорға» деген ұранмен өтуде.
«Ел аумағына жаңа жерлерді қосу және ішінара мобилизация бір тізбектің буындары. Путинге бұл дивидендтер әкелген болса, онда бұл оқиғалар Ресей азаматтары мен тұтастай алғанда РФ-ға не әкелді. Жауап — ешнәрсе», — деп жазады батыстық сарапшылар.
Forbes басылымы Ресейдегі мобилизацияға байланысты ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін екі аптадан аз уақыт ішінде шамамен 700 мың адам ел аумағынан кетіп қалғанын мәлімдеді.
«Мобилизация және 170 млн адамнан асатын елден әскерге шақырылғандардан да көп ер адамдардың кетуі белгілі бір проблеманы тудырады — барлық салаларда білікті жұмысшылардың болмауы, бұл Ресей экономикасын құрдымға жібереді. Сондай-ақ аннексияға байланысты әлемдік қауымдастық Ресейге қарсы жаңа сегізінші санкция пакетін бекітті», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Бұл «референдумдар» РФ президентінен басқа ешкімге керек емес деп есептейді сарапшылар. Олардың пікірінше. Путин өзі қазған орға өзі түсті.