Украина Энергетика министрлігі Ресей елдің энергетикалық инфрақұрылымының 30%-ын атқылағанын хабарлады.
Министрдің айтуынша, бұл «соғыс басталғаннан бергі алғашқы оқиға», Ресей энергетикалық инфрақұрылымға «білек сыбана кіріскен».
Сондай-ақ, Галущенко Ресей Федерациясының жаппай атқылауының себептерінің бірін электр энергиясын Украинадан Еуропаға экспорттау, еуропалық елдерге «Ресей газы мен көмірін үнемдеуге» көмектеседі деп атады.
Ведомство басшысы Украина басқа көздерге қосылуды тез арада қалпына келтіруге тырысып жатқанын айтты.
Галущенконың айтуынша, украиналық энергия жүйесі «бұрынғысынша тұрақты» екенін, бірақ ол серіктестерін елдің инфрақұрылымын қорғауға «шын мәнінде көмектесе алатын» әуе кеңістігін қорғау жүйесін ұсынуға шақырды.
«Біз серіктестерімізге хабарлама жіберіп жатырмыз: әуе кеңістігін қорғауымыз керек. Ресейліктер халықаралық құқыққа әрекет етпеуде. Олар халықаралық келісімдер мен конвенцияларды пысқырмай отыр», — деді министр.
Еске сала кетейік, ОӘӘ басшысы Сергей Борзов РФ әскерлері ирандық екі Shahed-136 дрон-камикадземен Ладыжинск ЖЭС-іне шабуыл жасағанын мәлімдеді.