Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» қозғалысының және Өзбекстанның шекара әскерлерінің өкілдері мемлекеттік шекарадағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Кездесу «Хайратон» шекара өткелінде өтті. Тәліптер тарапынан делегацияны «Әл-Фатх» 209-шы армия корпусы құрамындағы алтыншы бригадасының қолбасшысы Мансур Мавлавий, ал Өзбекстанды Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскері полковнигі Халик Назар басқарды.
Тараптар диалог арқылы барлық келіспеушіліктерді шешуге дайын екендіктерін растады, шекарашылар арасындағы үйлестіру және байланыс механизмін талқылады, шекарадан заңсыз кесіп өтудің алдын алуға міндеттенді.
Еске сала кетейік, тамыз айының соңында Арал Пайғамбар аралының маңында Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы шекарада атыс болған, онда екі ауған азаматы қаза тауып, алты адам жарақат алған.