Иран Каспий маңы аймағында ортақ экономикалық аймақ құруды ұсынды

Иранның бірінші вице-президенті Мохамммад Мохбер Каспий маңы экономикалық аймағын құруды ұсынды. Сонымен қатар, «жасыл» кеден дәлізін қалыптастыру ұсынылды

Бұл туралы ол Мәскеудегі Каспий экономикалық форумында айтты.

Мохбер Иран билігі көрші елдермен, әсіресе Каспий маңы мемлекеттерімен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайтынын атап өтті.

«Каспий маңы елдері мемлекеттері мен жеке секторларының неғұрлым әлеуетін пайдалану мақсатында Каспий маңы өңірінде ортақ экономикалық аймақ, сондай-ақ «жасыл» кедендік дәліз құруды ұсынамыз», — деді вице-президент.

Сондай-ақ, Иран СІМ басшысының экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары Мехди Сафари Мемлекет басшысының Каспий маңы аймағы елдерінің басшыларымен кездесулер мен келіссөздер жүргізіп, келісімдер жасасқанын хабарлады. Бұл туралы Mehr News хабарлады.

Каспий экономикалық форумына қатысушылардың қатарында РФ премьер-министрі Михаил Мишустин, Әзірбайжан үкіметінің басшысы Әли Асадов, Қазақстан премьері Әлихан Смайылов және Түркіменстан вице-премьері Ходжамырат Гельдымурадов бар.

Добавить комментарий