Сирияның Камышлы ауданында қарулы қақтығыстар болып жатыр. Ол жаққа АҚШ десанты жіберілгені хабарланды.
«Сирия әскерінің бақылауындағы Камышлының оңтүстігінде орналасқан Мулюк-Сарай ауылында десант түсірілгеннен кейін, Сирия одақтас әскерінің бірнеше мүшесі америкалық әскерилермен болған қақтығыстан зардап шекті», — дейді өз бұқаралық ақпарат құралдарының дереккөздері.
Дереккөздің айтуынша, Вашингтон десант «Ислам мемлекеті» (ИМ, ҚР-да тыйым салынған террористік ұйым) мүшелерінің бірінің көзін жою мақсатында түсірілген. «Бірақ олар бақташыны өлтірді», — деді ол.
АҚШ әскерилері Сирия армиясының одақтас күштерінің бірнеше мүшесін тұтқынға алды.
Бұған дейін Ресейдің Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру орталығы басшысының орынбасары генерал-майор Олег Егоров АҚШ-тың Сириядағы қамқорлығындағы содырлардың белсенділігі артқанын мәлімдеген болатын.