Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесіп, оны 70 жас мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Екі ел үкіметтері арасындағы табысты өзара іс-әрекет, соның ішінде өзара тауар айналымының оң қарқыны туралы айтылды.