ҚР-да 35%-дан аз адам полицияға сенім артады

Қазақстанда әлеуметтік сауалнама жүргізілді, оның мақсаты — қазақстандықтардың отандық полицияға деген сенім дәрежесін анықтау. Нәтижелер айтарлықтай жағымсыз болып шықты, сауалнамаға қатысқандардың 33,8%-ы ғана полицияға сенетіні анықталды.

Ішкі істер министрлігінде Қазақстандағы полицейлер бейнесінің стереотиптерін зерттеу үшін сауалнама жүргізілді. Жобаға барлығы 1200 респондент қатысты.

Сауалнама жүргізу және оның нәтижелері туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков баяндады.

«Сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 33,8%-ы полицияға толық сенеді, біздің азаматтарымыздың 41%-дан астамы полицияға көмек көрсетуге дайын. Респонденттердің 43,5%-ы өздерін қауіпсіз сезінеді, 30%-ы жақындары үйден тыс жерде жүргенде қауіп сезеді, 13%-ы мұндай қауіптің жоқ екенін атап өтті», — деді ҚР ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы.

Сондай-ақ сауалнамаға қатысушылардан олардың ең көп қандай қылмыстардан қорқатынын сұрады. Айдар Сайтбековтың айтуынша, респонденттерді мазалайтын ең көп тараған қылмыстық көріністер жол-көлік оқиғалары, бұзақылық, қорлау және балағаттау, сондай-ақ пәтер ұрлығы болды.

ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы брифингте қазақстандық полицейлер жергілікті шерифтердің американдық тәжірибесін зерделеу үшін АҚШ елшілігімен ынтымақтасуға ниетті екенін айтты.

Добавить комментарий