Ресейдегі мобилизация соғыстың барысына әсер етпейді

Батыстың жоғары лауазымды шенеуніктері РФ президенті Владимир Путин Украинадағы «барлық әскери-стратегиялық мақсаттарына қол жеткізе алмауда» деп санайды. Дегенмен, шетелдік сарапшылар украиналық әскерилердің алға жылжуына қарамастан соғыс ұзаққа созылады деп есептейді.

РФ-да 21 қыркүйекте ішінара мобилизация жарияланғандықтан, Кремль ондаған мың ресейлікті соғыстың алдыңғы қатарына жіберетін болады.

Ресей аумағында БАҚ пен саясаткерлер отан алдындағы борыш туралы жарыса айтуда. РФ-дағы мобилизацияны Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл те қолдады.

Украина тарапының мәлімдеуінше, РФ әскери қолбасшылығы сарбаздарының алдағы тағдырын ойламастан, соғыс алаңында тастап кетіп жатыр. Украиналық БАҚ анонимді дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Дондағы Ростовта Авдеевкаға жасалған шабуыл кезінде жарақат алған «Донбасс еріктілер одағы» бөлімшелерінің жарақат алған еріктілеріне ресейлік әскерилер ретінде медициналық көмек көрсетпегенін жазады, себебі олардың тиісті мәртебесі жоқ.

Ресейдің өмірі бір тиын

Айта кету керек, БАҚ-та соғыс алаңында болған ресейлік келісімшарт бойынша жүрген және жалдамалы әскери қызметшілердің оқиғалары жиі жазыла бастады. Мәселен, ресейлік келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскерилердің бірі Изюмнен кері шегінгеннен кейін Ресейге жібермей, соғысқа қайта жіберуге дайындап жатқанын айтты.

«Путин режимі үшін ел азаматтарының өмірі бір тиын екенін британдық барлау қызметі мен Украина тарапы айтқан», — деп мәлімдейді киевтік басылымдар.

Хабарланғандай, британдық барлау қызметі жұмылдырылған ресейліктерді жеткілікті даярлықсыз соғыс алаңына жіберіп жатқанына сенімді.

Луганск облыстық әскери әкімшілігі Украин тарапының басшысы Сергей Гайдай ресейлік алғашқы жұмылдырылғандар соғыс алаңына аттанғанын айтты.

Батыстық сарапшылар атап өткендей, осы соғыста ішінара мобилизация жариялау шешімнің мәні жоқ, бірақ тек Ресей тарапы үшін. Адамдар жауынгерлік бірлік сияқяты және көп жағдайда қазіргі соғыста айтарлықтай рөл атқармайды. Алыстағы нысанды атып түсіретін жүйелер, ауыр қару-жарақ, артиллерия және осының бәрін басқара алатын жоғары білікті мамандар маңызды рөл атқарады

Украинада қару-жарақ шайқасы жүріп жатыр және Киевке бүкіл өркениетті әлем қолдау көрсетуде. «Кремльдің соғыс алаңына біліксіз және жауынгерлік тәжірибесі жоқ ресейліктерді жіберуі» тек «қаза тапқандар» статистикасын арттырады, — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Добавить комментарий