ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанда оқу процесін цифрландыруды тездетуді талап етті.
Үкімет басшысы білім беру мәселелеріне арналған кеңес барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді.
«Осыған байланысты оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек. Атап айтқанда, “Қазақстан халқына” қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау керек», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Кеңес соңында ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп, еліміздің барлық мектептерін сапалы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.