Алматы: Жасөспірім 18 қабаттағы терезеден құлады

Алматыда 15 жасар жасөспірім Оңтүстік астанадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесінен құлады.

Қаййғылы оқиға 29 қыркүйекте Розыбакиев көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысы маңындағы «Әйгерім» тұрғын үй кешенінде орын алды.

«18-қабаттағы пәтердің терезесінен құлау салдарынан 2007 жылы туған жасөспірім қайтыс болды. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды», — деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Бұған дейін Тараз мен Павлодарда осындай оқиға орын алған болатын.

25 қыркүйек күні таңертең Таразда 14 жасар жасөспірім ғимараттың 12-қабатынан секірген. Ол өлім алдында хат қалдырған.

Сол күні кешке Павлодарда 15 жасар оқушы Назарбаев даңғылындағы 16 қабатты үйдің 14-қабатынан құлап кетті. Жасөспірім ауыр жарақат алып, сол жерде қайтыс болды.

Добавить комментарий