АҚШ Киевке көмек ретінде шамамен жарты миллиард доллар бөлгенін мәлімдеді

АҚШ Украинаға көмек ретінде шамамен жарты миллиард доллар бөлгенін мәлімдеді.

Вашингтонның жаңа көмегі Украинаның құқық қорғау органдары мен қылмыстық сот төрелігі органдарын қолдауға бағытталады, деп атап өтті АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Twitter-дегі парақшасында.

Америка Құрама Штаттары Украинаға азаматтық қауіпсіздік саласында 457,5 млн доллар көлемінде көмек көрсетеді.

«АҚШ адам өмірін сақтап қалу және Украинаның құқық қорғау және қылмыстық сот органдарының әлеуетін арттыру үшін азаматтық қауіпсіздікке қосымша 457,5 миллион доллар бөледі. Біз олардың демократиялық, тәуелсіз және егеменді Украина деген адалдығын қолдаймыз», — деп жазды ол.

Добавить комментарий