Жамбыл және Алматы облыстарында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) әскери оқу-жаттығу жиындары өтеді.
26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтеді.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады», — деп қосты қорғаныс ведомствосы.
Бұған дейін ҰҚШҰ-ның біріккен штабы ҰҚШҰ ҰЖҚК «Өзара іс-қимыл-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік аймағында қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операцияны дайындау және өткізу мәселелерін пысықтауды көздейтінін хабарлаған болатын. Оқу-жаттығу жиындарына алғаш рет ұжымдық күштердің жаңа бірлігі – ҰҚШҰ-ны қорғау және медициналық қамтамасыз ету бойынша РҚБ бірлескен құрылымы қатысатыны айтылды.