Франция президенті Эммануэль Макрон BFMTV телеарнасына берген сұхбатында әлем үшін Украина мен Ресейді келіссөздер үстеліне қайта отыр5ызу қаншалықты маңызды екенін айтты.
«Менің ойымша, бүгінгі таңда біз Украинан келіссөздер үстеліне қайта отырғызу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек», — деп атап өтті Макрон.
Сонымен қатар, ол Украинада қалыптасқан жағдайды ушықтыратын «ешқандай интерпретация» айтпайтынын мәлімдеді.
Макрон келіссөздер Украина билігінің талаптарын, оның ішінде мемлекеттік шекараны «кем дегенде ақпан айындағы» шепке дейін қалпына келтіру туралы талаптарын ескеруі тиіс деп мәлімдеді.
Сондай-ақ ел президенті Франция РФ-мен «соғыс жағдайында» емес екенін және онымен диалогты жалғастыруға дайын екенін айтты.