АҚШ және Франция президенттері Украинаға көмектесуге дайын екендіктерін растады. Джо Байден мен Эммануэль Макрон батыс елдері Украинаға қатысты қолдау көрсетуге бейілділігін растады.
Бұл туралы Нью-Йоркте өткен кездесуде айтылды, деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.
«Қос ел басшылары Украинаға мызғымас қолдауын растады. Сондай-ақ, олар Иранға ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу үшін қажетті күш-жігер, сонымен қатар, Үнді және Тынық мұхиты аймақтарындағы ынтымақтастықты жалғастыру мәселелерін талқылады.
20 қыркүйекте Макрон Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесуді жоспарларлап отырғанын хабарлады. Әңгімелесу барысында ядролық қауіпсіздік мәселелесі талқыланады деп күтілуде.
17 қыркүйекте Джо Байден Украинада ядролық немесе химиялық қаруды пайдалану мүмкіндігіне жауап ретінде Мәскеуге қоқан-лоқы көрсетті. Бұл ретте ол АҚШ-тың мұндай қару-жарақты қолданатыны не қолданбайтыны туралы айтудан бас тартты. Ол бұл туралы нақты білсе де, ешнәрсе айтпайтынын мәлімдеді.
1 тамызда Путин ядролық соғыс ешқашан жол бермеу керек, онда ешкім жеңбейтінін баса айтқан.