ҚМДБ Өзбекстанмен ынтымақтастық пен серіктестік қарым-қатынасты нығайтатынын хабарлады.
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Хамитжан Ишматбековты қабылдады. Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің дінаралық достықты арттырудағы рөлі, түркі мемлекеттерінің рухани бірлігін, ортақ діни сенімін, салт-дәстүрін және ортақ мұраларын дәріптеу мәселесі талқыланды.
Кездесу соңында тараптар екі ел арасында қалыптасқан тарихи әрі рухани байланысты арттыра түсуге уағдаласты.