Қазақстанда ескі маңдайшалар ауыстырылып жатыр

Республикалық маңызы бар трассалар бойында ақпараттық панно ауыстырылады. Елорданың атауы өзгертілуіне байланысты 467 панноны ауыстрыру жоспарланып отыр.

«Бүгінгі таңда 100-ге жуық ақпараттық панно демонтаж жұмыстарымен қамтылды. Жұмыстар жалғасып жатыр», — деп хабарлады ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, ақпараттық панноларды ауыстыру республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Түзетулердің бірі Қазақстан астанасының атауын өзгертуге қатысты болды. Президент Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

Добавить комментарий