Қазақстан Президенті Қасым-Жоамрт Тоқаев Нью-Йоркке келді

Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев бүгін, 2022 жылғы 19 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке келді.

Мемлекет басшысы 19 қыркүйекте JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді жаһандық қаржы институттарының басшыларымен кездесу өткізеді, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сондай-ақ сарапшылар тобының өкілдерімен кездеседі.

20 қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Жалпы дебатында сөз сөйлейді.

Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.

Добавить комментарий