Қазақстан бойынша ертең, 2022 жылғы 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Ертең еліміздің көптеген өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, ертең еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

15 қыркүйекте Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда 15 қыркүйекте шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с.

15 қыркүйек Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 15 қыркүйек күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Күндіз 15 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Оралда 15 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

15 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында топырақ бетінде 3 градус үсік сақаталады. Қарағандыда 15 қыркүйекте түнде топырак бетінде 3 градус үсік сақталады.

15 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада: 15 қыркүйекте кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 19 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте түнде батысында, оңтүстігінде Павлодар облысының 3 градус үсік күтіледі. Павлодарда 15 қыркүйекте түнде топырақ бетіндегі үсік 3 градус күтіледі.

15 қыркүйекте Жетісу облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Талдықорғанда күндіз 15 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с.

15 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Добавить комментарий