Әзірбайжан газ бен мұнай экспортының артқанын мәлімдеді

Әзірбайжан энергетика министрлігі биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша елде мұнай мен газ экспорты артқанын хабарлады.

Бұл туралы Twitter-де Әзірбайжан Энергетика министрі Парвиз Шахбазов жазды.

Ол хабарлағандай, жедел мәліметтер бойынша, биылғы жылдың 8 айында Еуропаға 7,3 млрд текше метр, Түркияға — 5,4 млрд текше метр, Грузияға — 1,7 млрд текше метр газ экспортталды.

Шахбазовтың айтуынша, аталған кезеңде газ экспорты 23%-ға өсті.

Сондай-ақ, министр жариялаған 8 ай ішіндегі жедел деректер 21,8 млн тонна өндірілген мұнайдың 17,6-сы экспортталғанын көрсетеді.

«Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндірілген 30,6 млрд текше метр газдың 14,4-і экспортталды, 9,7%-ға өсті», — деп атап өтті Әзербайжан Энергетика министрлігінің басшысы.

Добавить комментарий