Алматы: Қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған химиялық реактив сақталған

Алматыдағы қоймалардың бірінде қауіпсіздік ережесін өрескел бұзған химиялық реактивтер сақтаған.

«Қорында химиялық реагенттердің алуан түрі бар ЖШС-нің бірінің қоймаларына тексеру ұйымдастырылды. Нәтижесінде техникалық талаптарға сәйкессіздік анықталды. Кәсіпорын қоймасында күзет дабылы орнатылмаған, терезелерде торлар, телефондар болмады. Сонымен қатар, ацетон, диэтил спирті, калий перманганаты, тұз қышқылы, күкірт қышқылы сияқты прекурсорлардың айналымы шектелді. Айналымға шектеу қойылған прекурсорлардың жалпы саны 322 тонна 4 килограмды құрады. Іс жүзінде аудандық полиция бөлімінде іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады», — деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.

Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімшесінде іс жүргізу қозғалды, оның қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары тиісті шешім қабылдауға уәде берді.

Добавить комментарий