Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов испандық Севильяда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалында жеңіске жетті.
Ол польшалық теннисші Ежи Яновичті жеңді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
Қазақстандық 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Янович бұрын әлемнің 47-ші ракеткасы болған, «Уимблдон-2013» жартылай финалында ойнаған, ол кезде болашақ чемпион Энди Маррейге ғана жол берді. Сонымен қатар, ол Польша құрамасы сапында Хопман кубогының (2015) иегері болды.
Жарыстың жартылай финалында Тимофей турнирдің бірінші ракеткасы — испандық Бернабе Сапата Миральеспен (79 АТР) күш сынасады.