Денсаулық сақтау министрлігінен жедел штабқа түскен мәліметтерге сәйкес, республикада коронавирустық инфекцияның расталған 71 жағдайы тіркелген. Жалпы алғанда, 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша елімізде 107 979 адам инфекцияны жұқтырған.
Аймақтар бойынша ауру жұқтырғандар туралы ақпарат:
Шығыс Қазақстан облысы — 16;
Нұр-Сұлтан қаласы — 10;
Атырау облысы — 7;
Павлодар облысы — 7;
Қарағанды облысы — 6;
Солтүстік Қазақстан облысы — 6;
Алматы қаласы — 4;
Түркістан облысы — 4;
Ақтөбе облысы — 3;
Алматы облысы — 3;
Батыс Қазақстан облысы — 3;
Қостанай облысы — 2.