Ресей билігі мектеп бағдарламасына пропаганда енгізді

«Ресей Украинаға баса-көктеп кіріп, әскери шабуыл жасағаннан кейін Ресейде пропаганда бұрынғыдан да белсенді жүргізіле бастады. Мәскеу соғыс басталғалы бері БАҚ үшін Украинадағы соғысты көрсету керектігі туралы жаңа әдістемелер дайындап беріп келеді. Украинадағы орыс тілді азаматтарды қорғау, елдің егемендігіне қауіп төндіретін НАТО күштерінің кеңеюін тоқтату қажеттігі айтылуда. Кремльдің басты міндеті — ел азаматтарына Ресей Федерациясына үлкен қауіп төнгеніне байланысты «арнайы операция» жүргізіліп, соның нәтижесінде Ресей біртұтас, егеменді және қуатты мемлекет болып қалады деп сендіруде. Айта кету керек, ресейлік пропаганда ересек тұрғындарының ғана миын шайып жатқан жоқ. Сондай-ақ, елдің болашағы оқушылар мен студенттер пропаганданың ықпалына ұшырап отыр. Путиннің айтуынша, Украина аумағында Ресейге қарсы анклав құрылып жатқаны белгілі болды, ал оны жою — «арнайы әскери операцияның» негізгі мақсаты», — деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.

Ресейде оқу жылы балалар үшін 1 қыркүйекте Ресей туын көтеруден басталды. Сондай-ақ, оқушылар «Маңызды әңгіме» атты тұрақты пәнді оқиды.

Шенеуніктер бұл пәнді апта сайын барлық ресейлік мектептерде өткізуді міндеттеді. Осы пәнде балаларға Ресей, дәстүрлі құндылықтар туралы айтып, Украинаға басып кірудің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіретін болады.

Ресейде оқу жылы балалар үшін 1 қыркүйекте Ресей туын көтеруден басталды.

Украиналық сарапшылардың пікірінше, мұндай сабақтарда балаларға Ресей әскерінің жауыздығын жақсы қылып тырысады. «Осылайша, ресейлік мектептерге ресми түрде пропаганда енгізілді. Мәселен, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Калининградта өткен «Маңызды әңгіме» атты ашық сабағында Владимир Путин оқушыларға Украина Ресейден бөлек мемлекет ретінде КСРО құрылғанға дейін болмағанына сендірді. Ресей президенті Ресейдің Украинада жүргізіп жатқан «арнайы операцияның» мақсаты — 2014 жылдан бері Донбасста болған соғысты тоқтату және Ресейді қорғау», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Олардың пікірінше, «арнайы операция» РФ азаматарының бәрі қолдамайды. Ресейліктердің бір бөлігі империяда өмір сүргісі келеді, қалған бөлігі басқыншылық соғыстарға қарсы шығып, демократиялық қоғамда өмір сүргісі келеді. Тіпті мектеп бағдарламасына «Маңызды әңгіме» ашық сабағын енгізудің өзі мұғалімдер арасында кең пікірталас тудырды. Мұғалімдердің бір бөлігі жаңашылдыққа қарсы және бұл сабақтарды шынайы патриотизмді тәрбиелеуге қатысы жоқ пропагандисттік деп атайды.

Ресейде оқу жылы балалар үшін 1 қыркүйекте Ресей туын көтеруден басталды.

«Мұғалімдер альянсы» және «Жұмсақ күш» азаматтық бірлестіктері ашық хат жазып, оқушылардың ата-аналары мен әріптестерін «Маңызды әңгіме» сынып сағатына бойкот жариялауға шақырды.

«Айта кетерлігі, Кремль тек ресейлік балалардың ғана емес, сонымен қатар уақытша бақылауындағы Украина аумақтарындағы оқушылардың «миын шаймақ». Херсон облыстық әкімдігі хабарлағандай, 1 қыркүйектен бастап мектепке келген балаларға тарих пәні ресейлік бағдарлама бойынша оқытылады», — дейді білім саласындағы сарапшылар.

Добавить комментарий