Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевті Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі етіп тағайындады деп хабарлайды.
«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 21 шілдеде Мемлекет басшысының жарлығымен Жұмағалиев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды. Аталған ведомствоның басшысы болып 2019 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеді.
Сонымен қатар, ол Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымының ҚР тұрақты өкілі болады.
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің экс-министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.
Бұған дейін осы лауазымдарды атқарған Мағжан Ілиясов Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.
ҚР-ның БҰҰ жанындағы бұрынғы өкілі Қайрат Омаров Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі және ҚР-ның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Жаңа тағайындауға дейін Асқар Жұмағалиев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды.