«Лукойл» компаниясының Директорлар кеңесі төрағасы қайтыс болғаны белгілі болды. Ол ем алып жатқан елордалық аурухананың терезесінен құлағаны хабарланды. Суицид жасады деген нұсқа жоққа шығарылмайды
«Лукойлдың» 67 жастағы басшысы Равиль Маганов аурухананың 6-шы қабатындағы бөлімшеде ем алып жатқан.
Тергеушілер марқұмның терезеден құлауына не себеп болғанын анықтауы тиіс. Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр. Суицид жасады деген болжам бар.
Равиль Маганов Татарстан Республикасы Альметьевск қаласының тумасы. Оның «Құрметті мұнайшы» атағы мен үкіметтік наградалармен марапатталған. 1977 жылы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған. Еңбек жолына оқуын бітіре салысымен бастаған.
1993 жылы Маганов «Лукойлда» мұнай өндіру жөніндегі вице-президент қызметін атқарды. 2006 жылы компанияның бірінші атқарушы вице-президенті болып тағайындалды. Атқарып отырған қызметінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге байланысты міндеттерді шешумен айналысты. «Лукойл» PAO басқарма мүшесі.