Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан жаңа науқас анықталғанын хабарлады.
2022 жылғы 1 қыркүйек таңертеңгі жағдай бойынша, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 210 науқас анықталды.
Өңірлер бойынша:
- Нұр Сұлтан қаласы — 46
-
Алматы қаласы — 30
-
Шымкент қаласы — 2
-
Ақмола облысы — 33
-
Ақтөбе облысы — 8
-
Алматы облысы — 3
-
Жетісу облысы — 7
-
Атырау облысы — 4
-
Шығыс Қазақстан облысы — 1
-
Абай облысы — 1
-
Жамбыл облысы — 5
-
Батыс Қазақстан облысы — 7
-
Қарағанды облысы — 33
-
Ұлытау облысы — 3
-
Қостанай облысы — 11
-
Қызылорда облысы — 1
-
Маңғыстау облысы — 5
-
Павлодар облысы — 5
-
Солтүстік Қазақстан облысы — 5
-
Түркістан облысы — 0
Елімізде барлығы 1 388 689 науқас анықталды.
Өткен тәулікте Қазақстанда 577 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Қазақстанда жазылып шыққандардың жалпы саны — 1 357 886 адам.
31 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 17 448 адам коронавирус инфекциясынан (–17 119+ және 329 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 486 пациент стационарда, 16 962 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 6 адамның жағдайы ауыр, 12 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы
«Қызыл» және «сары» аймақтарда бірде-бір өңір жоқ.
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары