Тайвань: Әскерилер ҚХР армиясының ҰҰА-ға оқ атты

Тайвань әскерилер Қытай армиясының дрондары Цзиньмэнь аралдарына жақындағаннан кейін ҰҰА-ға оқ атты.

Бұл туралы Орталық жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, әскери дрон Эрдань аралына жақындағаннан кейін бір минут өткен соң оқ атылды. Осыдан кейіг ұшқышсыз басқарылатын дрон Қытайдың жағалау маңындағы Фуцзянь провинциясында орналасқан Сямэнь қаласына қарай ұшып кетті.

Сейсенбі күні Тайвань Қарулы Күштері Қытай Халық-азаттық армиясының (ҚХАА) 24 ұшағы мен 11 кемесі аралға жақындағанын тіркеді. Сегіз ұшақ Тайвань бұғазының «орта желісін» кесіп өтті.

Добавить комментарий