Шольц Ресейге қарсы салынған санкцияларды тиімді деп санайды

Германия канцлері Олаф Шольц Magdeburger Volksstimme газетіне берген сұхбатында Ресейге қарсы салынған санкцияларды тиімді деп санайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин Еуропаның бұл мәселеге қатысты бірлігіне аң-таң болғанын айтты.

Батыстың санкциялары тиімді және дұрыс. Олар Ресейге қарсы қысымды күшейтудің маңызды құралы. Себебі Мәскеу үшін шығындар ауыз толтырып айтарлықтай. Бұл қаншалықты ұзаққа созылса, Ресейге соғұрлым көп залал келтіріледі. Мен үшін Германияның (Ресейге қарсы санкциялық саясатты қолдайтын елдерден — ред.) шығуы мүмкін емес.

Шольц санкциялар ГФР экономикасына да әсер ететінін мойындады. Ол энергияның үлкен көлемін жұмсайтын компаниялар үшін қолдау бағдарламасы іске қосылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Германия экономикасы қуатты және үкімет мұқтаж жандарға қолынан келгенше көмектесуге тырысады.

Добавить комментарий