Доллар бағамы 7 теңгеге көтерілді

Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы күрт өсті. Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша орташа сараланған бағамы 472,20 теңгені құрап, бірден 6,98 теңгеге көтерілді.

Ресей рублінің орташа бағамы 7,85 теңгеге дейін өсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 68,80 теңгені (+ 0,94) құрады.

Ақша айырбастау пункттерінде долларды 474,5-479 теңге, еуро — 475-483 теңге, өсті. рубль — 7,2-7,65 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар, 26 тамыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсті.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сортына қазан айындағы фьючерстердің құны 0,79% -ға көтеріліп, барреліне $100,12 болды.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында қазан айындағы WTI фьючерстерінің бағасы 0,82%-ға өсіп, барреліне $93,28 болды

Добавить комментарий