Өзбекстан: Шекарашылар ауғанстандықтарға оқ атты

Өзбекстан шекарашылары мемлекеттік шекараны кесіп өтпекші болған азаматтарға ескерту ретінде аспанға оқ атып, содан кейін Ауғанстан азаматтарына оқ жаудырды.

Оқиға 21 тамыз күні болған. Хабарланғандай, Ауғанстанның 56 азаматы Арал Пайғамбар аралына барып, мия тамырын жинамақ болған. Шекарашылар оларға аралдан кетуді талап етті, алайда Ауғанстан тұрғындары аралдың өз елінің жері деп мәлімдеді.

Шекарашылар мен шекарадан заңсыз кесіп өткен азаматтар атысып, салдарынан Ауғанстанның үш азаматы қаза тапты. Басылым тағы үш адам жарақат алып, жетеуі тұтқынға алынғанын хабарлады.

Тамыз айының басында Өзбекстан мен Тәжікстан Ауғанстанмен арадағы шекарада әскери оқу-жаттығу жиындарын бастаған. Оқу-жаттығу Арал Пайғамбар аралына қарама-қарсы орналасқан Өзбекстанның Термез қаласындағы әскери полигонда өтті. Оқу-жаттығу барысында қос республиканың әскери қызметшілері жақын арақашықтықта ұрыс жүргізу, жарақат алғандарды эвакуациялау және қарсыластың шабуылына тойтарыс беру тәсілдері мен әдістерін пысықтайды.

Добавить комментарий