Энергетика министрлігі: бензин мен дизель қоры күн сайын толықтырылады

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанның ішкі нарығында мұнай өнімдерінің қорлары к8н сайын толықтырылатынын айтты.

Мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру, тиеу, тасымалдау және қорларды толықтыру процесі тәулік сайын тоқтаусыз жүзеге асырылады. Өндірілген мұнай өнімдерінің және мұнай базаларындағы, жолдағы көлемдер күн сайынғы қорлар болып табылады, — делінген хабарламада.

Күн сайынғы қор көрсеткіші дегеніміз — бұл толықтырылып отыратын көлемдер болып табылатын индикативтік көрсеткіштер және аталған күндер өткеннен кейін мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу тоқтайтындығын білдіретін көрсеткіштер/факторлар болып табылмайды, жоғарыда аталғандай, мұнай өңдеу зауыттарында тәулік бойы мұнай өнімдерін өндіру мен тиеу процесстері тоқтамай, штаттық режимде жұмыс жасап тұратындығын ерекше атап өтеміз.

Добавить комментарий