Қазақстанда 16 мың шетелдік заңды жұмыс істейді

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 13 378 рұқсат берілген және шетелдік жұмыс күшін тартуға жарамды.

Оның ішінде 637 бірінші санат бойынша (басшылары мен олардың орынбасарлары), 3481 — екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) берілді. Жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттар бойынша берілді — тиісінше 7617 адам және 1153 адам. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға — 1792, корпоративтік ауыстыру аясында 1698 адам тартылды.

Қазіргі таңда Қазақстанда 1803 жұмыс беруші бар. Оларда 454 379 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері Қытай — 3579 адам, Өзбекстан — 1774, Түркия — 1661, Үндістан — 1266, Ұлыбритания — 1081.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді.

2020 жылға жұмыс күшін тартуға арналған квота республиканың экономикалық белсенді халқының санына шаққанда 0,32% (29,3 мыңға жуық адам) мөлшерінде белгіленген.

Добавить комментарий