Еуроаймақтағы 19 елде инфляция 8,9%-ға дейін жеделдеді, деп хабарланды ашық ақпарат көздерінде. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш 8,6% болған
Жылдық инфляцияның ең жоғары қарқыны Эстония, Латвия және Литвада тіркелді
Еуростат тарихи рекорд жаңартылғанын хабарлады. 2021 жылғы шілдеде жылдық инфляция деңгейі 2,2% болды. Жылдық мәнде Еуроодақтағы тұтыну бағасының өсуі 9,6%-дан кейін 9,8%-ға дейін жеделдеді, деп жазады «Ведомости» басылымы.
Жылдық инфляцияның ең жоғары қарқыны Эстонияда (23,2%), Латвияда (21,3%) және Литвада (20,9%), ең төмен қарқыны Франция мен Мальтада (6,8%), сондай-ақ Финляндияда (8%) тіркелді.
Сондай-ақ Еуроаймақтағы инфляцияға энергия тасығыштардың бағасының өсуі (маусымда 42% және мамырда 37,5% көтерілгеннен кейін жылдық есептеуде +39,6% болды), сондай-ақ қымбаттаған тамақ өнімдері, алкоголь және темекі өнімдері (маусымдағы 8,9% — бен салыстырғанда 9,8% өсті) айтарлықтай әсер етті. Өнеркәсіп тауарлары 4,5%-ға (маусымда 4,3%), ал көрсетілетін қызметтер 3,7%-ға (маусымда 3,4%) қымбаттады.