Каспийде әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Қазақстанның ӘТК әскери қызметшілері Каспийде жағалаудағы, теңіздегі және әуедегі маневрлерге қатысады.

Үш күндік оқу-жаттығу Әскери-әуе күштерімен және облыстық шекара қызметімен тығыз байланыста өтіп жатыр.

Жағалаудағы, теңіздегі және әуедегі осындай маневрлер Әскери-теңіз күштерін Қарулы күштердің басқа да түрлері және күштік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұрыс қимылдарын жүргізуге дайындауға бағытталып отыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Әскерилер «шахид-катерлердің» шабуылдарын, ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен қарсыластың әуе шабуылы құралдарына тойтарыс беру жөніндегі іс-қимылды пысықтауда. Әскери теңізшілер күдікті кемені қарап тексереді, ұрыста зақымданған апаттық корабльді іздестіруді және құтқаруды ұйымдастырады, деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Добавить комментарий