Талғар ауданында оқушылардың ата-аналары мектептің сапасына шағымданып, балаларын мектепке жіберуден бас тартуда. Прокуратура құрылыс сапасы мен жұмсалған қаражатқа қатысты тексеріс жүргізмек.
Мамандар шатырдың сапасы мен ішкі әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру бойынша ақауларды анықтады.
Алматы облысы прокуратурасы 3,1 млрд теңгеге салынған Талғардағы жаңа мектепте тексерісті бастады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Прокуратура 1200 орындық мектеп құрылысының сапасын бақылауға алды. BI Global компаниясы мектептің құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың соңында аяқтаған.
Тиісті шаралар қабылдау үшін тексеруге уәкілетті органдардың мамандары тартылды. Олар шатырдың сапаасы, ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру бойынша ақауларды анықтады.