224 пәтер кезекте тұрғандар елордалықтарға жалға беріледі

Нұр-Сұлтанда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлерді, кезекке тұрған тұлғаларға тапсыру үшін 224 пәтер бөлінді.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған бағытқа қатысуға өтінімдерді 7 қазанға дейін беруге болады. Бағдарламаға тұрғын үй кезегінде тұрған және әкімдікке бағынысты Нұр-Сұлтан мекемелерінің білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлері болып табылатын азаматтардың барлық санаттары, сондай-ақ полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері қатыса алады”, деп хабарлады елорданың тұрғын үй қоры. Тілендиев даңғылында, Сары бұлақ өзенінің бойында орналасқан «Жаңа қоныс» ТК-де және С. Торайғыров көшесінде орналасқан «Тамаша» ТК-де 224 пәтерді жалға беру жоспарлануда. Әлеуметтік тұрғын үй алушыларға ай сайын бір шаршы метрге 1455 теңге көлемінде жалдау ақысын төлеу керек болады.  Жалға берудің ең ұзақ мерзімі 20 жылды құрайды. Ол аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді. Үміткерлер отбасы құрамына қарамастан 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлерге өтініш бере алады. Алайда, пәтердің таңдап алынған түрін алуға мақұлдау олардың төлем қабілеттілігіне тікелей байланысты. Мысалы, ауданы 37 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі пәтерді жалға алу айына 53 835 теңгені құрайды. Мұндай жағдайда отбасының шамамен табысы басқа міндеттемелерді есепке алмағанда 110 000 теңгеден кем болмауы тиіс», — делінген таратылған хабарламада. Өтінімдерді қабылдау zhilfond.kz сайты арқылы жүргізіледі. Аталған ресурста «Онлайн сервистер» бөлімінде «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге (ҚИК) өтінім беру» терезесі пайда болды. Өтінімді қалдыру үшін ізденушілерде ЭЦҚ кілті және жұмыс орнынан анықтамасы болуы керек. Жалға берілетін тұрғын үй алушыларды іріктеу кезекке қойылған күнге сәйкес жүргізіледі. Бұдан әрі әлеуетті жалға алушылар төлем қабілеттілігін және басқа да мәселелерді растау үшін осы тұрғын үй бағдарламасының операторына, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ға жүгінуі қажет.

 

Добавить комментарий