Батыс сарапшылары Еленовкадағы жарылыстарға қатысты пікір білдірді

Ресей мен Украина арасындағы кең ауқымды соғыстың басталғалы 5 айдың ішінде ақпараттық кеңістікте Ресей армиясының бейбіт тұрғындарға қатысты қатыгездігі туралы көптеген жарияланымдар жарияланды. Оккупанттар адамгершілікке қарсы қылмыстар жасады және әлі де жасап жатыр.

Батыстық сарапшылардың пікірінше, «РИА Новости» агенттігінде жарияланған «Что Россия должна сделать с Украиной» атты мақаласы айналадағылардың бәрін жек көруге үйретеді. Ресейлік пропагандисттер Кремль Украинадағы денацификация процесін сәтті аяқтайтынына сенімді. Нацистік идеялогияның таралуына кедергі келтіру үшін қатаң идеологиялық шеңбер орнату, украиналық нацистерді қылмыстық жауапкершілікке тарту және қатаң цензура енгізу ұсынылады.

29 шілдеде болған оқиға — украиналық әскери тұтқындар қамауда болған Еленовкадағы колонияға шабуыл әлем жұртшылығының наразылығын тудырды

Сондай-ақ, 29 шілдеде болған оқиға — украиналық әскери тұтқындар қамауда болған Еленовкадағы колонияға шабуыл әлем жұртшылығының наразылығын тудырды. Қазіргі уақытта БҰҰ осы оқиғаларды тергеуге қатысатынын мәлімдеді.

Ресейлік БАҚ Украинаны украиналық әскери тұтқындар, соның ішінде Азовсталь қорғаушылары қамауда болған Еленовкадағы абақтыға шабуыл жасады деп айыптады. Украина Бас штабы РФ-ның УҚК шабуыл жасады деген айыптарын жоққа шығарып, Ресей тұтқындарға аяусыз қарағанын жасыру үшін осындай қадамға барды деп мәлімдеді.

Ресей Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен БҰҰ-ны Еленовкадағы жарылыстарды тергеуге қатысуға шақырды.

УҚК Еленовкадағы жарылысқа ресейлік әскерилер кінәлі екенін растайтын телефон арқылы жүрген келіссөздер барын мәлімдеді.

29 шілдеде болған оқиға — украиналық әскери тұтқындар қамауда болған Еленовкадағы колонияға шабуыл әлем жұртшылығының наразылығын тудырды

Британиядағы РФ елшілігі Twitter-де хабарлағандай, «Азов» полкінің жауынгерлері «нағыз сарбаз емес», сондықтан оларды дарға асып өлтіру керек.

Еленовкадағы жарылыстан бір күн бұрын 28 шілде күні интернет желісінде украиндық тұтқынның азапталып жатқаны көрінетін видео жаппай таралды.

«РФ-да Украинадағы ұрыс қимылдарын сынға алған ресейліктерге жылы қабақ таытпауда. Осылайша, ел өз халық арасында наразылық күшейіп барады», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

 

Добавить комментарий