Қазақстанда стрестік активтер көлемін қысқартуды жоспарлауда

Қазақстанда 2026 жылға қарай банктердің стрестік активтерін Т0,9 трлн-ға дейін қысқарту жоспарлануда.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) баспасөз қызметі хабарлады.

«Реттеу шараларына қосымша стрестік активтердің деңгейі жоғары банктермен жұмыс күшейтілді, олармен 2026 жылға қарай стрестік активтерді кезең-кезеңімен 0,9 трлн теңгеге дейін қысқарту жөніндегі шараларды іске асыру ұйғарылатын жеке жоспарлар келісілді», — деп хабарлады жұма күні ҚНРДА төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.

Оның айтуынша, өткен жылдарда банк секторында жинақталған жұмыс істемейтін активтердің жоғары көлеміне байланысты проблемалардың басым бөлігі шешімін тапты немесе реттеу процесінде.

«2021 жылдың басында стрестік активтердің банктер мен САБҰ-ның балансында болуын 5 жылға дейін шектейтін реттеу шаралары қабылданды, сондай-ақ САБҰ-ның проблемалық қарыздарды басқару және есептен шығару бойынша, оның ішінде шетелдік капиталмен бірлескен кәсіпорындар құру арқылы өкілеттіктері кеңейтілді. Аталған шаралар проблемалық активтерді қалпына келтіру процесін жеделдетуге және оларды одан әрі іске асыруға ықпал етеді», — деп есептейді ҚНРДА басшысының орынбасары.

Инвесторлар үшін стрестік активтердің тартымдылығын арттыруға провизияларды қалыптастыру практикасын жетілдіру және кепіл мүлкін бағалау қажеттілігін көрсеткен, 2019-2020 жылдары жүргізілген сапаны тәуелсіз бағалау (AQR) нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар ықпал ететін болады.

«Осыған байланысты банктер өздерінің бизнес-процестерін жақсарту бойынша түзету шараларының жоспарларын әзірлеп, Агенттікпен келісті», — деп атап өтті Олжас Қизатов. «Сондай-ақ, Агенттік банктердің өзінің кредиттік портфельдері бойынша провизияларды уақтылы және толық қалыптастыруға бағытталған реттеуші талаптарға өзгерістер қабылдады. Бұл талаптар 2022 жылдан бастап қолданылады», — деп атап өтті Қизатов.

Добавить комментарий