Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай: «2022 жылғы 4 тамызда сағат 16: 20 шамасында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының ауруханасына үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен жатқызылды. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды», — делінген хабарламада.
Полиция дереу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстау шараларын қабылдады. Іздестіру шаралары барысында «Ұстап алу» жоспары жарияланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал жергілікті тұрғындар арасында дұшпандық қарым-қатынасқа байланысты болған.
Қазіргі уақытта жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізілуде.