Шығыс Қазақстан облысында «Дорожный контроль» басылымының журналисі Антон Князев соққыға жығылды.
«Әділ соз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры «3 тамызда Өскеменде белгісіз бес адам «Дорожный контроль» ҚБ ақпараттық порталының журналисі Антон Князевті соққыға жықты» деп хабарлайды.
ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, екі күдікті анықталды және қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге салайық, 20 шілдеде Атырауда журналист Олеся Вертинскаяға белгісіз біреу қоқан-лоқы көрсетіп, кейін аяусыз соққыға жыққан.
Содан кейін күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.