Украина аумағында соғыс басталғалы бері Ресей Киевтің серіктестері мен одақтастары тарапынан қысымға ұшырауда, деп мәлімдейді батыстық саясаттанушылар.
«Бүгінде соғыстың тез аяқталатын түрі жоқ. Әскери сарапшылар Ресей едәуі шығынға ұшырап, өз амбицияларын жүзеге асыруға әскери әлеуеті жоқ екенін айтып отыр. РФ-да жасырын түрде жаппай мобилизация жүріп жатыр, дегенмен жас толым соғыс алаңында қаза тапқан сарбаздарды сандық және сапалық тұрғыдан алмастыра алмайды. Мәселен, оккупанттар әскерінің орта және кіші буынды офицерлері арасында шығын ауыз толтырып айтарлықтай. Оның үстіне ресейлік басқыншыларға қарсы соғыста Украинаға Құрама Штаттар мен 40-тан астам ел көмек көрсетуде», — дейді сарапшылар.
Украинаның әскери сарапшыларының пікірінше, РФ әскері шабуылға төтеп бере алмай, Украина армиясына қарсы соғыста айтарлықтай шығынға ұшырады. Саясаттанушылар, сауалнамаға сәйкес, украиндықтардың 89 пайызы соғыстың аяқталуының жалғыз оң сценарийі Қырым мен Донбассты қоса алғанда, барлық аумақтарды қайтару деп есептейді.
«Бейбіт тұрғындар бейбітшілікке қол жеткізу үшін Украина жерлерін жау қолына беруге дайын емес. Бұл Путиннің империялық амбициясына қол жеткізу үшін украиналықтарды қорқыту керектігін білдіреді», — деп мәлімдейді олар.
Украиналық БАҚ ел аумағында болып жатқан оқиғаларды терроризм деп атап отыр. Соғыс жүргізу әдістері бейбіт тұрғындарды жаппай өлтіру, тұрғын үйлерді қирату, тонау, мәжбүрлеп депортациялау, зорлық-зомбылық, фильтрациялық лагерьлерімен сипатталады. «Мұның бәрі Украина халқын қырып-жою мақсатында жасалып жатыр, себебі Украина әскеріне қарсы басқыншылар дәрменсіз», — деп түйіндейді украиналық саясаттанушылар.
Баспасөз басылымдары хабарланғандай, Украина бойынша үш мыңнан астам қанатты зымыран мен көптеген артиллериялық және басқа да снарядтармен шабуыл жасалды.
«Мәскеу тек Украинаны ғана емес, бүкіл әлемді ядролық шоқпарымен қорқытып отыр. Мәселен, РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың мәлімдемелерінің бірінде Мәскеу Польшаға ядролық соққы жасауы мүмкін екенін айтты. Оның үстіне ресейлік стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлері «Ярс» стратегиялық кешендерінің автономды ұшыру қондырғыларын жұмылдырып, оқу-жаттығуларға жиындарына қатысты», — деп мәлімдейді украиналық әскери сарапшылар.
Ресейлік әскерилер Запорожье АЭС-тің бірінші энергоблогының машина залына оқ-дәрі, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды және кем дегенде 14 ауыр әскери техниканы әкеп қойды. Өрт болған жағдайда, мәселен, оқ-дәрі жарылатын болса қайғылы оқиғаның ауқымы ЧАЭС-дағыдай болуы мүмкін», — деп украиналық саясаттанушылар аты аталмаған дереккөздің айтқанын келтірді.
Украина аумағында соғыс қимылдары жалғасқан жағдайда Ресей өркениетті әлемнен толықтай оқшаулауланады.
«Ресейді терроризмді демеуші мемлекет деп танылуы бүгінде Украинаның басты мақсаты болып табылады, ол РФ-ға қарсы халықаралық санкциялық қысымда қол жеткізуге тырысуда. АҚШ Сенатында Ресейді терроризмнің демеушісі деп тану туралы заң жобасы тіркелді. Егер РФ осындай мәртебе берілсе, оған қандай қауіп төнеді? Ресей Солтүстік Корея, Сирия немесе Иран сияқты елдермен бір қатарда болады. РФ-мен кез келген іс жүргізуге тыйым салынады. Бұл мемлекеттің өркениетті әлемнен толықтай алшақтайтынын білдіреді», — деп мәлімдеді саясаттану саласындағы украиналық сарапшылар.