Хабарланғандай, Telegram мессенджерінің жұмысында бірқатар өңірлерде, соның ішінде Қазақстанда бойынша ірі ақаулар болды. Браузер нұсқасын қоса алғанда, ұялы және десктоптық қосымшаның пайдаланушылары хабар алмасу сервисіндегі проблемаларға тап болды.
Downdetector сервисінің мәліметінше, Telegram жұмысындағы ең үлкен мәселелер Ресейдің батыс бөлігінде және бірқатар еуропалық елдерде, соның ішінде Беларусь, Украина және Молдовада байқалады. Мессенджердің жұмысындағы ақаулар шығыс өңірде, атап айтқанда, Өзбекстанда, Малайзияда, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша басқа да бірқатар елдерде байқалады. Кейбір пайдаланушылар бағдарламаның қайта қосылғанын хабарлайды, бірақ көп жағдайда ол баяу немесе ақаулықпен жұмыс істейді.
Техникалық ақаулардың себептері әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, Telegram — үйреншікті хабарламалармен алмасуға арналған бағдарлама. Онда тек мәтінді ғана емес, түрлі форматтағы — суреттерден бастап құжаттарға дейінгі файлдарды да жіберуге мүмкіндік бар. Қосымша телефон нөміріне байланыстырылады. Қосымшаны орнатқан нақты пайдаланушылармен сөйлесуге де, 200 адамға дейін топтық сөйлесулер ұйымдастыруға да болады. Бағдарлама 2013 жылы іске қосылып, әлемнің бірқатар елдерінде танымал болды.