Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кәсіпкерлерге біздің нарыққа кіруге және еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беру қажет»

Хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары кезінде Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобильдер шығаратын қазақстандық зауытты іске қосуға дайындығын тексерді.

Хабарланғандай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға сапары кезінде Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобильдер шығаратын қазақстандық зауытты іске қосуға дайындығын тексерді.

Hyundai Trans Kazakhstan («Астана Моторс» еншілес кәсіпорны) — отандық автоөнеркәсіпті дамытуға арналған стратегиялық нысан, ол қазақстандық нарықты жаңа автокөліктермен толықтыруға және олардың ТМД елдеріне экспортын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба қаланың Индустриалды аймағындағы мемлекеттік құрылымдардың қолдауымен жүзеге асырылуда. Пайдалануға берілгеннен кейін кәсіпорынның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың машинаны, екінші кезеңде — 45 мыңға дейін құрайды. Инвестициялардың жалпы көлемі — 28 млрд теңгеден астам, оның 30% — компанияның меншікті қаражаты. Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны шамамен 700 жұмыс орнын ашады.

Hyundai Trans Kazakhstan зауытына дәнекерлеу, бояу, құрастыру, пластикалық бөлшектерді бояу цехтары мен компоненттер қоймасы кіреді. Кәсіпорын Оңтүстік Кореяның жаңа қондырғыларымен жабдықталған. Зауыт экологиялық стандарттардың барлық талаптарын ескере отырып салынған. Бояу цехы ауа мен суды сүзгілеу жүйесімен жабдықталған.

«Коронавирус пандемиясына және теңге бағамының құбылмалылығына байланысты қалыптасқан дағдарысқа қарамастан, біз зауыт құрылысын жоспарланған мерзімде — бір жарым жылда аяқтадық. Биылғы жылдың сәуір айында зауытта ірі-тораптық құрастыру әдісімен автокөліктер өндірісі басталды. 15 қазанда кәсіпорын ұсақ-түйінді құрастыру әдісімен автокөлік өндіретін цехты пайдалануға береді. Біз барлық міндеттемелерімізді толық көлемде орындаймыз және келесі жылдың басында нарыққа ұсақ-түйінді әдіспен жиналған алғашқы автомобильдерді ұсынамыз», — деді «Астана Моторс» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов.

Болашақта инвесторлар автокомпоненттер шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр, осылайша компания отандық автоөнеркәсіпті дамыту бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді, бұл өндірістің 51%-дан астамын қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы индустриялық аймақтың резиденттерімен жеке кәсіпкерлікті қолдау және өнеркәсіптің басым салаларын дамыту мәселелерін талқылады.

«Мен өз Жолдауымда еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән бердім. Оның үстіне, бизнестің, кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік органдар тарапынан келтірілетін кез келген кедергі елімізге қарсы жасалған қылмыс ретінде қаралатынына арнайы тоқталдым. Яғни, басқаша айтқанда, үкімет, жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуі тиіс. Бұл біздің экономикалық саясатымыздың негізгі бағыты», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия салдарынан ел экономикасындағы ахуал әлі де күрделі екенін, дағдарыстан мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігері есебінен ғана шығуға болатынын атап өтті.

«Нарықты монополистерден тазалау қажет, барлық лайықты кәсіпкерлерге біздің нарыққа кіруге және еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беру қажет. Осылайша ғана экономика еркін дамуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі жаңа ұйымдастыру шараларын қабылдауды талап етеді. Бұлар тиімді болады деп үміттенемін», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ Республика алаңындағы жаңартылған «Алмалы» қоғамдық кеңістігінде болды.

Аумақты көзбен шолып екі аймаққа бөлді: балалар және мәдени-ойын-сауық. Алаңда қазақстандық суретшілердің мүсіндері орнатылып, ағаштар, бұталар мен гүлдер отырғызылды.

«Қала тарихы мен мәдениетін ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін бос уақытын ұйымдастыру және түрлі мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізу қарастырылған. «Алмалы» жер асты сауда орталығын реконструкциялау 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

 

Добавить комментарий