Еурокомиссия басшысы Еуропаның ресейлік газбен байланысты кез келген жағдайға дайын болуы керектігін мәлімдеді.
Ресей сенімді энергия жеткізуші емес және ЕО ерте ме, кеш пе Ресей газын жеткізуді толық тоқтатуға дайын болуы керек.
Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляен Die Zeit басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Европейская правда».
«Кремль Еуропаны энергиямен жабдықтау бойынша сенімді серіктес емес. «Газпром» өз қоймаларын әдейі төмен деңгейде ұстап тұрады. Ал Ресей газды ішінара ғана жеткізуде немесе оны 12 мүше мемлекетке дейін жеткізіп жатыр. Сондықтан Еуропа ең нашар сценарийге дайын болуы керек: газ жеткізу ерте ме, кеш пе толық тоқтауы мүмкін», — деді Еурокомиссия басшысы.
Фон дер Ляеннің айтуынша, ресейлік газды тоқтатылуының салдарын жеңілдету үшін ЕО келесі жылдың наурызына дейін газды тұтынудың 15%-ын үнемдеуді жоспарлап отыр.
«Бұл 45 миллиард текше метр газ. Біз қазірден бастауымыз керек, себебі біз неғұрлым тезірек әрекет етсек, соншалықты көп үнемдейміз, және қауіпсіздікте боламыз», — деп толықтырды ол.
ЕО-ның бірінші кезектегі мақсаты 2027 жылға дейін ресейлік газ импортынан толық тәуелсіз бол, деп атап өтті Еурокомиссия басшысы.
Еуропалық комиссия өткен аптада ұсыныс жасады, оған сәйкес ЕО мүше елдері газды тұтынуды тамыздан наурызға дейін 15%-ға қысқартуы тиіс.