«ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі асфальт жабындысының көтерілуіне не себеп болғанын түсіндірді. Жол жабындысы аптап ыстыққа байланысты көтерілген.
«ҚазАвтоЖол» ҰК «АҚ өңірлік филиалы хабарлағандай, ауа температурасының +50 градусқа дейін көтерілуіне байланысты цемент-бетон жабыны көтерілді. Түркістан облысының Темірлан ауданындағы «Самара-Шымкент» республикалық автожолының 2234 шақырымындағы жол жабында ақау анықталды.
Компания сондай-ақ мердігерлік ұйым жолдағы ақауды жоюға кіріскенін хабарлады. Төрт арнайы техника мен 10 жұмысшы жұмылдырылды. Күннің соңына дейін жол жүру толық қамтамасыз етіледі.
Дәл осы тас жолда — «Қызылорда-Шымкент» ақылы учаскесінде 2022 жылғы 9 маусымда жол жабыны көтерілген. Бетон плитасы көтеріліп, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Мердігер ұйым жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көлік қозғалысы қайта жанданды.