АҚШ барлау қызметі Украинада қанша ресейлік сарбаздың жер жастанғанын айтты

Америка Құрама Штаттарының Орталық барлау басқармасының бағалауы бойынша ресейлік 15 000-ға жуық сарбаз жер жастанып, 45 000-ға жуық адам жарақат алған.

ОББ директоры Уильям Бернс осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы Reuters агенттігі жазады.

«АҚШ барлау қызметінің соңғы бағалаулары бойынша, шамамен 15 000 ресейлік әскерилер қаза тапты және жарақат алғандар үш есе көп болуы мүмкін. Демек, соғыс шығындары ауыз толтырып айтарлықтай десе болады», — деп мәлімдеді Бернс.

«Украиндықтар да зардап шекті — аздаған болуы мүмкін. Бірақ, қайтыс болғандардың саны көп».

Бернс ОББ Украинамен барлау мәліметтерімен бөлісіп жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, украиндықтар бұл деректерді «тиімді пайдалануда».

 

Добавить комментарий