Қазақстанның Мысырдағы дипломатиялық миссиясының жаңа басшысы ел президентіне сенім грамоталарын табыс етті. Салтанатты рәсім «әл-Иттихадия» президенттік сарайында өтті.
ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге сенім грамоталарын табыс етті.
Рәсім барысында қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді. Елші К. Лама Шарифке жаңа қызметте табыс тілей отырып, Мысыр Басшысы өз кезегінде Қазақстан басшылығына достық лебіздерін білдірді.
АРЕ Президентіне сенім грамоталарын Еуропалық Одақ, Бельгия, Дания, Нидерланд, Португалия, Венгрия, Корея Республикасы, Израиль, Судан, Бангладеш, Эфиопия, Уругвай, Лесото және Ватикан нунцияларының елшілері табыс етті.