Нұр-Сұлтанда қалалық соттың жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Қазақстан Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов ұжымға Нұр-Сұлтан қалалық сотының жаңа төрағасы Ақан Жұмағұловты таныстырды.

Бұған дейін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған Ақан Маратұлы Жұмағұлов Президенттің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен қалалық соттың төрағасы қызметіне тағайындалды.

Жүкенов елордалық соттың жаңа төрағасын таныстыра отырып, оны сот жүйесінде өзін жағынан көрсете білген, құқық қолдану тәжірибесі мен сот төрелігін жүзеге асыру сапасына ерекше көңіл бөлетін кәсіби маман ретінде сипаттады.

Сондай-ақ, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы осы жарлықпен тағайындалған аудандық соттардың төрағалары мен қалалық соттың судьяларын таныстырды.

Есіл аудандық сотының төрағасы болып Алмас Сәлімов, Есіл аудандық №2 сотының төрағасы болып Дәуренбек Дәумов тағайындалды.

Нұр-Сұлтан сотының судьясы лауазымына Айбек Әмірғалиев, Гүлнар Дәулешова, Анар Кәрімова тағайындалды.

Добавить комментарий