Ұлттық банк доллардың құбылмалылығына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Ұлттық банкі АҚШ доллары бағамының құбылмалылығы қалыпты жағдай екенін айтты. Бұл ретте қаржы реттеушісінің өкілі Қазақстан тіркелген бағамға көшуді жоспарламайтынын атап өтті.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова доллар позициясының жаһандық күшеюін, дивидендтерді төлеу кезеңінде заңды тұлғалар тарапынан валютаға сұраныстың артуы және экспорттаушылардың салықты төлеу үшін сатудың қысқаруына байланысты валюта ұсынысының төмендегенін атап өтті.

«Нарық сентименті мен құбылмалылығы нарықтық жағдайға сәйкес келді. Айырбастау бағамының өзгермелі режимінде теңге үшін құбылмалылықтың орын алуы қалыпты жағдай екенін атап өткім келеді», — деп атап өтті Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, Ұлттық банк тіркелген бағамға көшуді қарастырмайды.

«Өткен жылдар тәжірибесі көрсеткендей, тіркелген бағам саясаты қысқа мерзімді тұрақтылық елесін қалыптастырады. Оны ұзақ уақыт бойы жасанды жолмен ұстап тұру алтынвалюта резервтерін жұмсау есебінен ғана мүмкін. Нәтижесінде бұл ұлттық валюта бағамын девальвациялау қажеттілігіне алып келеді. Өз кезегінде, теңгенің еркін өзгермелі бағамы сыртқы ортаның өзгерістеріне бірден ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл экономикадағы теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды, сондай-ақ елдің алтынвалюта резервтерінің сақталуына ықпал етеді», — деп атап өтті Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Добавить комментарий