Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ доллары мен еуро арасындағы айырмашылық 1,22 теңгеге дейін қысқарғаны белгілі болды.
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 473,38 теңге, еуро 474,6 теңге болды. Осылайша, еуро мен доллардың биржалық құнындағы айырмашылық 1,22 теңгеге дейін қысқарды.
Бір тәулік ішінде доллар теңгеге қатысты 8,12 теңгеге қымбаттады, ал еуро 9,4 теңгеге арзандады.
Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде доллар мен еуро бағамдары арасындағы алшақтық қысқарды. Долларды орташа есеппен 473 теңгеден сатып алып, 477-478 теңгеден сатады. Ақша айырбастау орындарында еуроны сатып алу бағамы шамамен 475 теңгені, сату — 481-482 теңгені құрайды.
Мосбиржада да АҚШ пен ЕО валюталарының бағамы (59,3 рубль) және халықаралық нарықта (2002 жылғы желтоқсаннан бастап алғаш рет) сауда-саттықтың ашылуында теңесті, деп хабарлайды «Прайм». Еуро бағамы құлдырауда, себебі Еуропа елдері халық пен бизнеске қысымды күшейткен рекордтық инфляция салдарынан қиындық күндерді бастан өткеруде. Инвесторлар Ресей Еуропаға газ жеткізуді тоқтатады деп қауіптенуде.